«COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығы (2021.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығы

(2021.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қазандағы № ҚР-ДСМ-102 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.19.08. № ҚР ДСМ-97/2020 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығы 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасынының 2.1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.19.08. № ҚР ДСМ-97/2020 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің және қауіп топтарындағы жұмыскерлердің жалақысына үстемеақы мөлшерлері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау миниистрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.